«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Емханаға тіркелу аяқталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде екі айға созылған емханаларға тіркелу науқаны аяқ­талды. Биылғы шараға облыс бойынша 13 аудандық аурухана, 3 емхана мен “Денсаулық” жеке коммерциялық емес мекемесі қатысты.

Кезекті тіркеу науқаны кезінде азаматтарға, егер олар қандай да бір себептермен бекітілген ем­ханаға сәйкес келмесе, егер тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жері өзгерсе, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайларда өз қалауы бойынша емхананы ауыс­тыру мүмкіндігі берілді. Тұрғын­дарға емхананы таңдау мүмкін­дігінен басқа, тіркеу науқаны жаңа медициналық қызмет көр­сетушілерге тапсырыс алуға мүмкіндік береді.

Облыс бойынша 29217 адам тіркелу науқаны аясында емха­наны таңдау құқығын пайдаланды. Тіркелу науқаны кезінде таңдалған емханада қызмет көрсету 2022 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Оған дейін науқастар бұрын өздері қаралған медици­налық ұйымда қызмет алады. Егер науқас емхананы ауыстырғысы келмесе, онда ол автоматты түрде мекенжайы бойынша емханаға тіркеледі.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp