«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 25, 2021

Төрт көлік соқтығысты

Петропавлда тіркемесі бар Камазбен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан жол қозғалысы тежелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алысқа ұзаған жоқ

Айыртау ауданының орталығы Саумал­көл ауылының тұрғыны “Audi А6” көлігін белгісіз біреу айдап әкеткені туралы аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Айтуынша, ұлы көлікпен туысын дәмханаға апарған. Сол жерде танысын кездестіріп, әңгімелесіп тұрған кезде дәмханадан шыққан мас біреу көлік салонына барып оты­рып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

ҚАЗАҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің қызметкерлері Петропавл құрылыс экономикалық колледжінде “Елбасы – ел мақтанышы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Еңбекақыларын алды

Орталық коммуникациялар қызме­тінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстары жайлы айтылды. 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспары бекітіліп, соған сәйкес ай сайын басқарма қызметкерлері “Адал кө­мек”, “Ашық бюджет”, “Antikor.live” жобалары бойынша халық алдын­да онлайн форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басқармада мемлекеттік сатып алу және қар­жылық қызмет саласындағы …

Еңбекақыларын алды Read More »

Әркім өз өміріне жауапты

Еліміздің өзге аймақтарымен салыстырғанда біздің өңір мен Павлодар облысында эпидемио­логиялық ахуал ушығып тұр. Соңғы 2 аптада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2089 жағдайы тіркелді. Петропавлда ауру 1,2 есеге өсті. Қызылжар, Уәлиханов, Тимирязев ауданда­рында да науқастар саны артты. Соңғы бір аптада 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші 191 адамды құрады. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс бір жарым …

Әркім өз өміріне жауапты Read More »

МАЛ ӨСІРСЕҢ, ҚОЙ ӨСІР

Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата кәсібі. Қорасы қойсыз болмаған қазақтың бүгінде шаруасы шатқаяқтап тұрғаны жасырын емес. Осы кенжелеп қалған саланы қолға алып, мал басын көбейтуді мақсат еткен айыртаулық Жомарт Молдекеновтің бастамасы көпке үлгі.

Алтынға бергісіз күміс

Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Президенттік олим­пиаданың күміс жүлдегері атанды. Білім додасынан жүлделі оралған Артём Германды сыныптастары темір жол вок­залында қарсы алды.

АҚШ — студенті көп ел

– Әлемде студенттер саны бо­йынша көш басында – АҚШ тұр. Бұл елде жоғары оқу орнында 14 млн. 261 мыңнан астам жас білім алуда. Үндістан, Қытай мен Жапо­ния елдері жастарының қосындысы осынша адам болады.

ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРҒАН ӘМІР

Батыстан келген “хип-хоп” мәдениетіне жастар тарапынан қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Әсіресе соңғы жыл­дары көшенің спорттық биімен айналысам деушілер қатары кө­беймесе, азайған жоқ. Халық арасында “брейкдансинг” деп ата­лып кеткен өнерге бет бұрғандар көп. Көше биі арқылы әлемді таңғалдырған жастардың бірі – жерлесіміз Әмір Зәкіров. Биыл ол Польшада “Red Bull BC One” дүниежүзілік додасына қатысып, же­ңімпаз атанды. …

ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРҒАН ӘМІР Read More »

Қадамдары сәтті

Театр – өнер атты үлкен әлем­нің киелі қа­рашаңырағы, ұлы ба­баларымыз бен дүлділ данала­ры­мыздың өсиетін бүгінгі ұрпаққа жеткізуші алтын көпір. Осы игі істі жалғас­тырып келе жатқан Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының құрылғанына биыл 21 жыл. Көрермен жүрегіне жол табу үшін театр басшылығы мен актерлер әрбір қойылымға, әрбір сөз бен әрекетке, сахнаның тақырыпқа сай безендірілуі мен …

Қадамдары сәтті Read More »

Үздік кітапханашы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы қаласында өт­кен жас кітапханашылардың “Үз­дік кітапханашы – 2021” рес­пуб­ликалық байқауында Ғабит Мүсі­репов атындағы ауданның Воло­дарское ауылының кітап­хана­шы­сы Николай Вербовский бас жүл­дені жеңіп алды.

МЕРЕКЕНІҢ СӘНІ

Желтоқсанның басында Тұңғыш Президент күнін тойласақ, айдың ортасында азаттық мейрамы – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Одан кейін таңғажайыптарға толы Жаңа жыл да келіп жетеді. Бүлдіршіндер бұл мейрамды асыға күтетіні анық. Бірі шыршаны дүкеннен арнайы сатып алынған ойыншықтармен әсемдесе, екіншілері өздері түрлі бұйымдар жасап іледі. Қолдан ойыншық жасауды әдетке айналдырған жанның бірі – Анастасия …

МЕРЕКЕНІҢ СӘНІ Read More »

Әзілдері жарасқан

Көкшетау қаласында “JALYNDY JASTAR” әзіл-сықақ фестивалі өтті. Өнер сайы­сына еліміздің түкпір-түкпі­рінен 14 команда қатысты. Бұл байқауда жерлестеріміз арнайы жүлдеге ие болды.

ӨНЕР ЖӘНЕ НАРЫҚ

Қараша айының 25-ші жұлдызы қазақ кино өнерінің көрнекті қайраткері, режиссер Аяған Шәжімбаевтың туған күні. Көзі тірі болғанда 69-ға келер еді. Есіл ауданының Қаратал ауылын­да туған жерлесіміз шығармашылық ғұмырында жиырма шақты көркем және деректі туынды түсірді. Кейбіріне актер ретінде атсалысты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарна арналған “АЛЖИР” фильмі жоғары бағаланып, одақтың мемлекеттік қорына кірді. Өзі кинематографистер одағына мүшелікке …

ӨНЕР ЖӘНЕ НАРЫҚ Read More »

Елдігіміздің іргетасы

Ұлттың негізгі төрт тұғыры бар. Олар – жер, тіл, дін және та­рих. Тіл – ұлтты басқалардан ерекшелендіріп тұратын басты қасиеті. Туған топырақ – ұлттың өсіп-өнетін кеңістігі. Дін – сол тілде жасалынған рухани құндылықтармен бірге тұтасып, ұлттық болмысты құрайды. Тарих – ұлттың тамыры, тарихи жады, өзін-өзі тану, сол арқылы болашаққа бастар бағдары. Тарихсыз, тілсіз ұлт болмайды. …

Елдігіміздің іргетасы Read More »

ЖЕГЕН АСЫҢ АДАЛ МА?

Ислам діні адамзат баласын екі дү­ниеде де бақытқа жеткізетін тура жолды белгілеп қойған. Ақ пен қара, дұрыс пен бұрыс, халал мен харамды ажыратып көрсетті. Ха­лал дегеніміз Алланың рұқсат еткендері, ал харам – тыйым салынғандар. Бір нәр­сені халал, не харам қылу Алланың ша­риғатымен яғни заңымен нақтыланады. Әл­дебіреу өз қалауымен тура жолдан тайып, Алла тағаланың халал қылғанын …

ЖЕГЕН АСЫҢ АДАЛ МА? Read More »