«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

АҚШ — студенті көп ел

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлемде студенттер саны бо­йынша көш басында – АҚШ тұр. Бұл елде жоғары оқу орнында 14 млн. 261 мыңнан астам жас білім алуда. Үндістан, Қытай мен Жапо­ния елдері жастарының қосындысы осынша адам болады.

Тұңғыш рет студенттер күні 1941 жылы Лондонда фашизмге қарсы күрескен студенттердің ха­лықаралық жиналысында қараша­ның 17-сі күні болып бекітілді.

Жапондық студенттер емти­хан­ға өздерімен бірге “Kit Kat” шоко­ладын алып кіреді. Бұл – олардың сәттілік әкелетін бойтұмарлары екен. “Кitto katsu” жапон тілінен ау­дарғанда “міндетті түрде жеңемін” деген мағынаны білдіреді.

– “Everest Poker” компаниясы өз­дерінің маркетингтік зерттеулері ар­қылы онлайн-покер ойыншы­лары­ның басым бөлігін студенттер құ­рай­тындығын анықтады.

Ерте кездердегі универ­ситет­терде емтихан барысында студент­ке шарап ішіп отыруға рұқсат бе­рілген.

Еуропадағы студенттердің ор­та жасы – 30. Ондағы адамдар кө­біне жастары ұлғайған кезде сту­дент атанады.

Йель студенттері өздерінен тө­мен курста оқитын замандастарына дәптерлерін көшіртуге еш қинал­мас­тан береді екен. Бірақ көшірген студенттің көзіне жасыл бояу жағып тастайды да, күні бойы студенттің үстіне мініп жүреді.

Норвегияда жоғары білімді те­гін, еш кедергісіз алуға болады. Сон­дай-ақ студентке кредит беріледі.

(Материал ғаламтордан алынды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp