«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

МЕРЕКЕНІҢ СӘНІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Желтоқсанның басында Тұңғыш Президент күнін тойласақ, айдың ортасында азаттық мейрамы – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Одан кейін таңғажайыптарға толы Жаңа жыл да келіп жетеді. Бүлдіршіндер бұл мейрамды асыға күтетіні анық. Бірі шыршаны дүкеннен арнайы сатып алынған ойыншықтармен әсемдесе, екіншілері өздері түрлі бұйымдар жасап іледі. Қолдан ойыншық жасауды әдетке айналдырған жанның бірі – Анастасия Пушкалова.

Бойжеткеннің жасы 16-да. Анастасия алды­мен мектепте қағаз бен картоннан түрлі бұйым­дар жасап үйренген. Есейе келе ойыншықтар жасау үшін өзге де заттарды қолдана бастапты.

Анам – өте өнерлі адам. Кез келген мере­кенің сәнін келтіріп, салтанатты кешке айнал­дыра алатын жан. Отбасылық шаралардың дизайнері де – анам. Бұл өнер менің бойыма да дарыды. Түрлі заттардан әсем бұйымдар жа­саймын, – дейді Анастасия.

Жас шебердің әрбір ойыншығы ерекше тал­ғаммен жасалады. Негізінен пластик, әшекей тастар мен барқыт матасын қолданады. Бір зат­тың пішінін келтіруге 2-3 сағат уақыт кетеді. Ме­реке сайын жақындарын әсем сыйлықтарымен қуантады. Бойжеткен үшін ең шуақты мереке – Жаңа жыл. Бұл мейрамды кейіпкеріміз тағат­сыздана күтеді. Бір ай бұрын қажетті мате­риал­дарды сатып алып, ойында жүрген ойыншық­тарды жасайды.

Мен үшін әр мерекенің орны бөлек. Тә­уелсіздік күні – егемендігіміздің басты нышаны деп есептеймін. Ал Жаңа жыл – отбасылық қуа­ныш. Барша әлемнің бүлдіршіндері Аяз атаға сеніп, ертегілер әлеміне саяхат жасайды. Бұл мереке көңілді өтуі үшін бөлмені безенді­рудің маңызы зор. Бала күнімде әке-шешем үйімізді түрлі заттармен әсемдейтін. Бұл дәстүрді мен де жалғастырып келемін, – дейді Анастасия.

Бойжеткеннің түрлі сыйлықтарына туған-туыстары ғана емес, қаламыздың өзге тұрғын­дары да қызығушылық танытуда. Оған негізгі себеп – жас шебер өзі жасаған қолөнер бұйым­дарын әлеуметтік желіге салады.

Қолдан жасаған бұйымдарды сатамын де­ген ой болған жоқ. Өзімнің қатарластарым көр­сін деп әлеуметтік желіде бөлістім. Көбі таң­данып, жасап беріңізші деп өтініш білдіріп жат­ты. Сатып алғылары келетінін айтты. Тапсырыс бойынша жасап көр деп ұсыныс тастады, – дей­ді ол.

Соңғы кездері Анастасия үйлену тойлары мен мерейтойларға арнап түрлі сыйлықтар жа­сап жүр. Болашақта өнерін одан әрі дамытқысы келеді.

Аманжол НҰРТАЗИН.

Soltüstık Qazaqstan”. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp