«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРҒАН ӘМІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Батыстан келген “хип-хоп” мәдениетіне жастар тарапынан қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Әсіресе соңғы жыл­дары көшенің спорттық биімен айналысам деушілер қатары кө­беймесе, азайған жоқ. Халық арасында “брейкдансинг” деп ата­лып кеткен өнерге бет бұрғандар көп. Көше биі арқылы әлемді таңғалдырған жастардың бірі – жерлесіміз Әмір Зәкіров. Биыл ол Польшада “Red Bull BC One” дүниежүзілік додасына қатысып, же­ңімпаз атанды. Орайы туып, өнерлі жаспен сұхбаттасудың сәті түсті.

Әмір, биыл “Break-dance”-тан әлем чемпионы атандың. Шын жүректен құттықтаймын! Әңгімеміздің әлқисасын осы “хип-хоп” мәдениетін оқыр­манға таныстырудан бастасақ.

– “Хип-хоп”-тың тарихы Еуро­падан бастау алады. Алғашқы рэп-батлдар мен спорттық биден жарыстар Ұлыбританияда өткен. Алайда бұқара тарапынан жоғары қолдау тапқан жоқ. Кейін ол Аме­рикаға кең жайылды. Сондықтан да әлемде көше стилінің отаны АҚШ болып есептеледі.

Ал өзің қай уақыттан бері “Break-dance”-пен шұғыл­дана­сың?

2009 жылдан бері көше биі­мен айналысып жүрмін. Петро­павл­да талай үйірмелерге қатыс­тым. Нәтижесінде бұл менің кәсі­біме айналды. Осы жолды таңда­ған соң жарыстарға бара баста­дым. Қазір жасым – 23-те. Азды-көпті жеткен жетістіктеріме тоқ­ме­йіл­сімеймін. Келер жылы да әлем біріншілігіне қатысқым келеді.

Қазір қандай команда са­пында өнер көрсетіп жүрсің?

Соңғы уақытта өнерімді шың­дау үшін Мәскеуде тұрып жатыр­мын. Петропавлдағы туыстарыма жиі қонаққа келіп тұрамын. Соңғы кездері пандемияға байланысты Қазақстанға жиі жолым түскен жоқ. Соңғы үш жыл ресейлік әйгілі “Predatorz Crew” командасының сапындамын. Біз Еуропаның та­лай ірі додаларына қатысып, жүл­дегер атандық. Құрама қатарында 8-9 спортшы бар. Барлығымыз ұжым болып та, жеке биші ретінде де өнер көрсетеміз. Көше стилін дамытуға үлес қосып жүргендік­тен әрқайсысымызда өз лақап ат­та­рымыз бар. Менің “Break-dance”-тағы есімім – Dj Plash.

Польшада өткен әлем бі­ріншілігі жайлы толығырақ ай­тып берші.

Бұл жолғы жарысқа 16 қыз бен 16 ұл қатысты. “Red Bull BC One” жарысы да өзге спорт түр­лері сынды бірнеше кезеңнен тұр­ды. Жартылай финал және ақтық сайыс болды. Үздіктерді арнайы төрешілер анықтады. Би әлемінде есімдері таныс азаматтар қазы­лық етті. 2020 жылғы біріншілік жанкүйерсіз өткені белгілі. Ал биыл кейбір шектеулер алынып тасталды, яғни достарымыз бен туыстарымызға қолдау көрсетуге рұқсат берілді. Финалда мен ка­надалық Фил Уизардпен сахнаға шықтым. Қарсыласым да мықты еді. Ол “Red Bull BC One Cypher LA – 2017”, “Red Bull BC One Cypher Canada – 2018” мен “Undisputed World B-Boy – 2018” жарыстары­ның жеңімпазы болатын. Соңғы турда төрешілермен қатар, жан­күйерлердің дауысы да ескерілді. Алдымен білікті мамандар өз ұпайларын берсе, кейін залда жиналғандардың қолдауы еске­рілді. Екі тарап та мені әлем чем­пионы деп таныды.

Әмір, сұхбатыңызға рақ­мет, келер жылы да әлемнің үз­дік бишісі атануға тілектеспін!

Әңгімелескен

Аманжол НҰРТАЗИН,

Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp