«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Әркім өз өміріне жауапты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің өзге аймақтарымен салыстырғанда біздің өңір мен Павлодар облысында эпидемио­логиялық ахуал ушығып тұр. Соңғы 2 аптада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2089 жағдайы тіркелді. Петропавлда ауру 1,2 есеге өсті. Қызылжар, Уәлиханов, Тимирязев ауданда­рында да науқастар саны артты. Соңғы бір аптада 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші 191 адамды құрады. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс бір жарым ай бойы “қызыл” ай­мақта. Бұл орайда облыста эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына не жағдай әсер етуі мүмкін деген заңды сауал туындайды.

Ең алдымен, облыста қауіпті індеттің таралуына сақтық шаралары мен қауіпсіздік талаптарын дұрыс ұстанбау әсер етуде. Тұрғындардың өздерінің және жа­қындарының денсаулығына атүсті қарауы қауіпті кеселдің өршуіне негіз болуда. Өңірде эпи­демиологиялық жағдайдың тұрақты болмауына көрші Ресей елінен шекара арқылы келіп жат­қан жолаушылардың әсері бар. Сырттан келгендердің ауру жұқтыру қаупі жоғары екенін естен шығармау керек. Пандемия басталғалы шекаралық бақылау пункттері арқылы Ресей Федерациясынан 308489 адам келді. Соның ішінде 162997 жолаушының ПТР анықтамасы болса, 5758 адамда тест сынамасының қорытындысы болмады. Бірқатары “COVID-19”-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды. Үш жүзден астам адамда ауру анықталып, 1603 шетел азаматына елге кіруге тыйым салынды.

Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15.11.2021 жылғы №49 қаулысына сәйкес осы аптадан бастап КВИ-ға қарсы ревакцинация басталады. Ол үшін ревакцинация жасалатын тұрғындардың (тәуекел тобының) санаты айқындалды. Алдымен медицина қызметкерлері, педагогтар, күштік құрылымдардың, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен қызмет алушылары, 60 жастан асқан тұр­ғындар, ағзаның қорғаныш қабілеті төмендеген және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдарға ревакцинация жасалады. Ревакцинация КВИ-ға қарсы вакциналаудың бастапқы курсында қол­данылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, м-РНК-вакцина) жүргізіледі.

Тұрғындар арасында карантиндік талаптарды сақтап, қауіпті індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында облыста мониторингтік топтар жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдың 1-17 қараша күндері аралығында мониторингтік топтар 766 нысанға 139 рейд жүргізді. Он тоғыз адам жауапкершілікке тартылып, 1123045 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. “Ашық” жобасын бұзу­шыларға 4 млн. 897 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімшілік айыппұл төлеген 109 адамға қатысты шектеу шаралары туралы ақпа­рат жарияланды.

Қауіпті індетпен қоғам болып күрескенде ғана, ауруды жеңуге болады. Ол үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, айна­ламыздағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. Қазір өңірде ауру азаймай отыр. Сондықтан қалыпты өмірге қайта оралғымыз келсе, шектеу шараларын ұмытпаған абзал. Қоғамдық орындарда бет­перде киіп, көпшілік шаралардан бас тартып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Той-томалақты қысқартып, вакцина алудан бас тартпауға шақырамыз. Коронавирусты екпе алу арқылы ғана жеңуге болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Меруерт АТАМБАЕВА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp