«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алтынға бергісіз күміс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Президенттік олим­пиаданың күміс жүлдегері атанды. Білім додасынан жүлделі оралған Артём Германды сыныптастары темір жол вок­залында қарсы алды.

Қарағандыда өткен Прези­денттік олимпиадада еліміздің На­зарбаев зияткерлік мектеп­терінен құралған команда жал­пыкомандалық есепте жеңіске жетіп, Қазақстанның ең үздік оқу ошағы екенін тағы бір дәлелдеді. Қоржынға төрт алтын, үш күміс және жеті қола медаль түсті.

Бұл олимпиада жаратылыс­тану-математика бағытындағы төрт пән бойынша өткізілді. Мен биологиядан өте жоғары нәтиже көрсеттім, бұдан бөлек химия, физика және математикадан есеп шығару міндеті жүктелді. Тапсырмалар қиын, бірақ мектеп бағдарламасы бойынша келеді. Барлығын логикалық тұрғыдан ойланып, шығару қажет болды. Әрине, аздап толқып, білгенімді толық көрсете алмадым. Нәти­жесінде тек екінші орынды ие­лендім. Дегенмен өзім қол жет­кізген табысыма ризамын, – дей­ді Артем Герман.

Президенттік олимпиададағы екінші орыннан бөлек, Артем “Caspian University” және С.Өте­баев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің екі гран­тын иеленді. Бұған қоса, М.Әуе­зов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан университеті Артемға 70 пайыздық жеңілдік ұсынды. Енді мектебіміздің болашақ түлегі осы іргелі жоғары оқу орында­рының біріне түсе алады.

Білім додасының респуб­ликалық турында еліміздің бар­лық өңірлерінен 180-нен астам оқушы қатысты. Доданың қоры­тын­дысы бойынша 48 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. 11 оқушы – І дәрежелі, 15-і – ІІ дә­режелі, 22-сі ІІІ дәрежелі дип­ломмен марапатталды. 2008 жыл­дан бері өткізіліп келе жат­қан Президенттік олимпиадада 11-12-сынып оқушылары бақта­рын сынайды.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp