«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алысқа ұзаған жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданының орталығы Саумал­көл ауылының тұрғыны “Audi А6” көлігін белгісіз біреу айдап әкеткені туралы аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Айтуынша, ұлы көлікпен туысын дәмханаға апарған. Сол жерде танысын кездестіріп, әңгімелесіп тұрған кезде дәмханадан шыққан мас біреу көлік салонына барып оты­рып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Алайда көп ұзамай көлік жол жиегіне шығып кеткен. Оны жанынан өтіп бара жатқан патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған. Олар 19 жастағы ауыл тұрғынына көлік салонынан шығуға көмектескен. Аталған факті автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын рұқсатсыз иеленіп кету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұдан бөлек, күдіктіге қатысты мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік материал жиналуда, іс сотқа жіберіледі.

Жыл басынан бері облыста автокөлік құра­­лын заңсыз иемденудің 61 фактісі тіркелді.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp