«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің қызметкерлері Петропавл құрылыс экономикалық колледжінде “Елбасы – ел мақтанышы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрме барысында студенттер­ге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елдің дамуы мен қалыптасуына сіңірген еңбегі туралы жан-жақты айтылды. Сондай-ақ олар Тұңғыш Президентіміздің өмірбаянымен, оның Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайту жөніндегі қызметімен танысты.

Жастар Елбасының балалық шағы мен отбасына қатысты және өт­кен кезеңдер тарихынан сыр шертетін фотосуреттерге қызығушылық білдірді.

Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,

Абылай хан резиденциясы” музей-кешені директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp