«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздік кітапханашы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы қаласында өт­кен жас кітапханашылардың “Үз­дік кітапханашы – 2021” рес­пуб­ликалық байқауында Ғабит Мүсі­репов атындағы ауданның Воло­дарское ауылының кітап­хана­шы­сы Николай Вербовский бас жүл­дені жеңіп алды.

Бұл байқауға Қазақстанның түк­пір-түкпірінен жас кітапханашылар қаты­сып, шығармашылық шебер­лік­терін сынады. Сайыс төрт ке­зеңнен тұрды. Өңір намысын абы­роймен қорғаған Во­лодарское ауылдық кітапха­насы­ның кітап­ханашысы Николай Вер­бовский жүзден жүйрік атанды. Жер­ле­сі­міз­дің кітапхана саласында жұ­мыс іс­теп жүргеніне 6 жыл ғана бол­ған. Бі­рақ осындай қысқа мерзім ішін­де оның бағындырған белесі мен жет­кен жетістіктері аз емес. Үстіміздегі жылы тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына орай жеке авторлық кі­табы да жарық көргенін айта кеткен жөн. Же­ңімпаздың айтуынша, кі­тап­ханашы бел­сенді, жан-жақты, ұт­қыр болуы ке­рек. Сонымен қатар оқуға және жаңа тәсілдерді мең­геруге ұмтылу қажет.

С.Мұқанов атындағы облыс­тық ғы­лыми-әмбебап кітапханамен бір­лесіп жұмыс жүргіземін. Сон­дық­тан бұл – ортақ жеңісіміз, – де­ген Николай Вербовский әріптес­терінің қолда­уына ризашылығын білдірді. Жеңім­паз ақшалай сый­лыққа ие болды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp