«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әзілдері жарасқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көкшетау қаласында “JALYNDY JASTAR” әзіл-сықақ фестивалі өтті. Өнер сайы­сына еліміздің түкпір-түкпі­рінен 14 команда қатысты. Бұл байқауда жерлестеріміз арнайы жүлдеге ие болды.

Өңір намысын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан уни­верситетінің студенттері қорғады. “KU” деп аталатын ұжым қазақтілді командалар арасында бақ сынады. Әзіл-сықақ кеші ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Әзілдеріміздің басым бөлігі әлеуметтік мәселелерге негізделді. Өзіміздің өнеріміз арқылы қоға­мы­мыздың негізгі түйткілді мәселе­лерін көтеруге тырыстық. Сондай-ақ Ақмола облысының орталығы жай­лы да әзіл көрсеттік. Бас жүлдеге ие болмасақ та, осал емес екен­дігімізді байқаттық, – дейді ко­манда мүшесі Бауыржан Жүніс.

Солтүстікқазақстандық “KU” ко­мандасы Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының арнайы “Жастық жігер” жүлдесіне ие болды.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp