«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 5 адам мерт болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы өндіріс нысандарында 28 жазатайым оқиға тіркеліп, 5 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 10 айдың қорытындысын шығарды. Ведомство басшысы Марат Омаровтың айтуынша, жылдың басынан мемлекеттік еңбек инспекторлары 900-ге жуық адамның жазбаша арыз-өтінішін қарады. Соның 749-ы еңбек қатынастарын бұзуға қатысты болса, 147-сі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша. Бұдан басқа кәсіпорындар мен ұйымдарда 203 тексеріс жүргізілді, еңбек заңнамасын бұзудың 542 дерегі анықталды. Жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 144 ұйғарым шығарылды.

«101 лауазымды және заңды тұлғаға жалпы сомасы 24,6 млн теңге айыппұл салынды. Оның 15,1 млн теңгесі бүгінде өндіріліп алынды. 5,1 млн теңге сомасындағы айыппұл бойынша ерікті төлем мерзімі аяқталған жоқ. 4,4 млн теңге мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілді», – дейді Марат Омаров.

Еңбекақының уақтылы төленуі бойынша 31 ұйым тексерілген. Нәтижесінде 2 мыңға жуық қызметкердің 235 млн теңге шамасында тапқан табысын ала алмай жүргендігі анықталды. Еңбекақы бойынша берешекке жол берген кәсіпорын басшыларына 31 ұйғарым беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге айыппұл салынды.

«Биылғы жылдың 10 айы ішінде өндіріс орындарында 28 жазатайым оқиға тіркеліп, 33 адам зардап шекті. Жазатайым оқиғалардың үшеуі топтық болса, 5-уінде өліммен аяқталды және 16-сында жұмысшылар ауыр жарақат алды. Барлық оқиғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тергелді», – дейді Марат Омаров.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp