Жеңіл көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам зардап шекті
Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік жолға шығып кеткен жылқылармен соқтығысып, екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік жолға шығып кеткен жылқылармен соқтығысып, екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жас мемлекеттің Орта Азия мен посткеңестік елдердегі қақтығыстар мен келіспеушіліктерді жою үшін атқарған ара ағайындық қызметі жоғары бағаланды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуі – сол бітімгершілік жұмыстың нәтижесі. Бұл – 2018 жылдың еншісіне жазылған жетістік, мәртебелі міндет. Қазақстанның төрағалығы барысында консультациялар, брифингтер және пікірталастар форматында 30-ға жуық отырыс өткізілді және олардың қорытындылары бойынша қарарлар мен …
XXI ғасырда халықаралық терроризм қатерлі деңгейге көтеріле бастады. Оның салдарын Қазақстан да сезінді. Әсіресе 2012 жыл осындай оқиғаларға толы болды. Сол жылғы оқиғалар хроникасына қарайтын болсақ, (олардың бәрі теракті ретінде танылған жоқ, олардың бәріне “А” Арнаулы мақсаттағы қызметінің қызметкерлері қатыстырылмады), экстремистік шабуылдар қазақстандықтардың үрейін ұшырды. Террордың ызғарлы демі барлығын алаңдатты.
Жүз жылдан астам тарихы бар қарт басылым “Soltústіk Qazaqstan” газетінің өткен сандарының бірінде жарық көрген ардагер ұстаз Қымбат Исманованың “Қош келдің, Әліппе!” атты мақаласы мені үлкен ойға жетеледі.
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Асқар Баймұқанов жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады. Ол “NEET” санатындағы, яғни жоғары және арнаулы білім беру ордаларында оқымайтын және тұрақты жұмысы жоқ жастарға айрықша назар аударылып отырғанын атап өтті.
Биылғы маусымды “Қуаныш” клубы жақсы нәтижемен бастады. Жергілікті волейболшы арулар команда тарихында тұңғыш рет Қазақстанның кубогы үшін болған додада қола жүлдегер атанды. Спортшылардың айтулы жетістігіне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада салтанатты жиын өтті.
Атақты Қажымұқан балуан әлі буыны қатып, бұғанасы бекімеген шағында, яғни онға толар-толмастан қап-қап астықты арқалап алып жүре беретін болған. Кейін алып денелі балуан күресте әлем мықтыларының жауырынын жер иіскетті. Батыр бабаларының ізін қуған алыптар қазір де жоқ емес. Қызылжарлық Жанәлі Тұяқовты сол қатарға жатқызуға болады. 13 жасынан бастап зілтемірді ұршықша иіретін ол халықаралық ареналарда ел …
Өңірімізде “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шара аясында өңір полицейлері көшелерде, сондай-ақ ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында тұрғындарға ақ ленталар, суреттер мен буклеттер таратты.
Ел егемендігінің 30 жылдығына орай Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде “Тәуелсіздік – тәңір сыйы” атты жас ақындар айтысы өтті. Сөз сайысына өңірдің жас дарындары қатысты.
Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері желілік алаяқтықтың біріне қатысты іздестіру жұмыстарын 2019 жылдан бастап жүргізді. Сол уақытта белгісіз қылмыскер “Kolesa.kz” сайтына автоқосалқы бөлшектерді сату туралы хабарландыру орналастырған. Ол телефон арқылы сөйлескен аудан тұрғынынан 55 мың теңге алдын ала төлем алғаннан кейін, байланысқа шықпай қойған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің …
Өңіріміздің би ұжымдары арасында “Dance Battle” байқауы өтті. Сайысқа қатысуға 20-дан астам ұжымнан өтінім келіп түскен. Олардың 12-і финалға жолдама алды.
Бүгінде облысымызда 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері №3 қалалық емханада “Covid-19”-ға қарсы екпе алды.
Кейбіреулер жасының ұлғайғанын сылтауратып, вакцина салдыруда құлықсыздық танытады. Бұл – қате түсінік. Зайыбым екеуіміз 70-ке иек артқан шағымызда “Спутник V” вакцинасының екі дозасын да салдырдық. Мен екпеге ешқашан қарсы болған емеспін. Айналамдағы жұртқа да үгіт-насихат жүргізіп келемін.