«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Алматылық алаяқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов аудандық полиция бөлі­мі­нің қызметкерлері желілік алаяқтықтың бі­ріне қатысты іздестіру жұмыстарын 2019 жылдан бастап жүргізді. Сол уақытта белгісіз қылмыскер “Kolesa.kz” сайтына автоқосалқы бөлшектерді сату туралы хабарландыру орналастырған. Ол теле­фон арқылы сөйлескен аудан тұрғынынан 55 мың теңге алдын ала төлем алғаннан кейін, байланысқа шықпай қойған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Алматы қаласына қызметтік іссапар барысында криминалдық полиция қызметкері мен тергеуші күдіктінің ізіне түсіп, оның қолына кісен салды. Оң­түстік астананың 34 жастағы тұрғы­ны өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірген шығынның орнын толтырды.

Руслан ӘЛИЖАНОВ,

Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp