«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Бишілер байқауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздің би ұжымдары ара­сында “Dance Battle” бай­қауы өтті. Сайысқа қатысуға 20-дан астам ұжымнан өтінім келіп түскен. Олардың 12-і финалға жолдама алды.

– Қатысушылар ақтық кезеңде заманауи, яғни хип-хоптың барлық элементтерін орындауы тиіс. Жүлделі орынға ие болу үшін олар қазылар алқасына ерекше би қойылымын, жаңадан бір техника көрсетулері керек. Біздің басты мақсатымыз облыстың талантты жастарын анықтап, оларға барынша қолдау көрсету, – дейді “Жастар саламатты өмір салты үшін” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лидия Грабарь.

Байқауда сәтті өнер көрсеткен “Станция” би студиясы осыдан бір жыл бұрын құрылған.

– Біз бидің брэйк-данс, дэнс холл, вакинг, паппинг секілді бірнеше тү­рін меңгергенбіз. Байқауда 5 бірдей ұжымымыз өнер көрсетті, – дейді би сту­диясының директоры Есмұхамбет Иманбаев.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp