«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Мыңнан астам балаға салынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде облысымызда 12-ден 18 жасқа дейінгі бала­ларға екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Солтүстік Қа­зақ­стан кәсіптік-педагогика­лық колледжінің студент­тері №3 қалалық емханада “Covid-19”-ға қарсы екпе ал­ды.

Вакциналау шарасы ата-анасының немесе заңды өкіл­дерінің жазбаша келісімімен ға­на жүргізі­леді. Тізім алдын ала жасалады. Өйткені бір ампула алты дозаға шақталған. Екпе егіл­мей тұрып әр бала сауал­нама­дан өтеді. Жас­өспірімдер, жүкті және жас аналарды вак­цинациялау науқа­ны бастал­ған­нан бері 3-ші қала­лық емха­наның мамандары 174 адамға екпе қойып үлгерді. Оның он жетісі бала емізетін, үшеуі жүк­ті әйел болса, қалғаны жасөс­пірімдер.

– Екпе екпес бұрын біз ал­ды­мен ақпараттық түсіндіру жұ­мыстарын жүргіземіз. Мек­теп­терге барып ата-аналар жи­на­лысын ұйымдастырамыз. Ата-аналар жазбаша келісімін бер­се, балаларға вакцина қоямыз. Вак­циналау мектептерде де жүр­­гізіледі. Бригададағы екпе са­ла­тын мамандардың барлы­ғы ар­найы оқытудан өткен. Олардың барлығында екпе егу­ге рұқсат құжаты бар. Сонымен қатар ек­пені емханамыздың ба­лалар кор­пусында да алуға бо­лады. Егер екпе алған баланың дене қызуы көтерілсе, онда ол са­бақ­тан бо­сатылады. Біз олар­ға анықтама береміз, – деді №3 қалалық ем­хананың эпидемио­лог дәрігері Салтанат Төре­құлова.

Облыс орталығындағы №1 қа­лалық емханада №2 орта мек­тептің оқушылары да екпе сал­дырды.

– Емханамызға “Pfizer” вак­ци­­насының 162 дозасы келді. Қа­зір 84 дозасы ғана қалды. Жүк­­тілі­гі­не он сегіз апта болған ке­ліншек­терге, емшекте баласы бар ана­лар мен 12-18 жас аралығындағы ба­ла­ларға екпе алуға болады. Балаға екпе қоймас бұрын, ал­дымен, денсаулығын тексеріп алу қажет. Егер қарсы көрсет­кіштер болса, вакцина қою ке­йін­ге шегеріледі, – деді №1 қа­лалық емхананың эпидемиолог дәрігері Светлана Давыдова.

Бүгінде облыс бойынша 1005 бала “Pfizer” вакцинасы­ның бі­рінші компонентін алды. Сондай-ақ бірқатар жүкті ке­ліншек пен 300-ден астам емшекте сәбиі бар әйел вак­цинацияланды.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp