«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Егде жастағыларға екпенің пайдасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кейбіреулер жасының ұлғайғанын сылтауратып, вакцина салдыруда құлықсыздық танытады. Бұл – қате түсінік. Зайыбым екеуіміз 70-ке иек артқан шағымызда “Спутник V” вакцинасының екі дозасын да салдырдық. Мен екпеге ешқашан қарсы болған емеспін. Айналамдағы жұртқа да үгіт-насихат жүргізіп келемін.

Құдайға шүкір, қазір денсау­лы­­ғымыз жақсы. Қалған өмірі­мізде жұқпалы індеттің құрығына ілініп кетпей, бала-шағаның қы­зығын көрсек, соның өзі үлкен ба­қыт қой. Әу баста жастардан бас­талып, енді жасамыстар, оқушы мен жүкті әйелдерге екпе қойы­лып жатыр. Бас амандығы үшін әркім вакцина салдыруы шарт. Өйткені бұл аты жаман індет тез жұғады екен. Ауруға қарсы қор­ғаныш қабілетің мықты болға­ны­мен, отбасыңда, араласатын ор­таңда басқа біреу ауырса, мұрт­тай ұшасың. Сондықтан бәріміз жаппай екпе салдырып, ұжым­дық иммунитет қалыптастыруы­мыз керек.

Ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқардым. Талай қиындықтарды көрдік қой. Өзімнің үш баламды жет­кізу үшін бастан не өткерме­дік? Небір тәуекелдерге бардық. Құдайдың берген қуаты бәрінен аман алып шықты. Жас ұлғайған са­йын адам ағзасы әлсірейді екен. Сондықтан сақтанған абзал.

Вакцина – өзіңізді және жақын­да­рыңызды “COVID-19” жұқпалы індетінен қорғайтын ең тиімді жол. Коронавирустың таралу ди­намикасына қарасақ, ерте ме, кеш пе, инфекцияны бәрі жұқты­ра­тыны сөзсіз. Менің түсінігімше, оған ағзаны алдын ала дайын­дап, иммундық қорғаныс қалып­тас­тырған жөн. Коронави­рус, әсі­ресе созылмалы ауруы бар адам­дар үшін қауіпті екенін жиі естимін. Асқыну қаупі жоғары. Дә­рігерлер өкпе, жүрек-қантамыр ау­рулары және сусамырмен сыр­қаттанғандар вакцинаны мүмкін­дігінше тезірек алуы керек деп жатыр.

Екпе алғаннан кейін ешқандай ауырсыну сезімі болған жоқ. Ағ­за­да ешқандай күрделі өзгеріс байқалған жоқ. Екпе қойған жер қызарып, ісінді, шамалы әлсіре­дім. Бұл, әрине, қалыпты жағдай. Кейбір адамдардың дене қызуы көтеріліп, аздап қалтырайды, жү­регі айниды екен. Дәрігерлердің айтуынша, мұның бәрі – имму­нитет қалыптастырудағы қалып­ты реакциялар.

Егде жастағыларға екпенің пайдасы көп екенін айтқым ке­ле­ді. Сақтықта – қорлық жоқ. Жа­ман аурудан аман болып, жас­тар­ға ақыл-кеңесімізді айтып, ор­таларында жүре берейік.

Хамза ОМАРОВ,

зейнеткер.

Мамлют ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp