«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарқын жеңіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы маусымды “Қуаныш” клубы жақсы нәтижемен бастады. Жергілікті волейболшы арулар команда тарихында тұңғыш рет Қазақстанның кубогы үшін болған додада қола жүлдегер атанды. Спортшылардың айтулы жетістігіне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада салтанатты жиын өтті.

Шарада “Қуаныш” клубының ұжымын облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Сергей Мелехов құттықтады.

– Биыл облысымыздың бес ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін екі хоккей қорабы халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ қалада заманауи спорт кешенін тұрғызу жоспарланған. Өңір басшысы тарапынан футбол және волейболды дамытуға барынша жағдай жасалып отыр. Жерлес спортшыларымыз республикалық додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. “Қуаныш” командасы қыздарының жарқын жетістігі олардың Ұлттық лигада топ жаруларына тың серпін береді деп ойлаймын, – деді Сергей Мелехов.

Өткен маусымда солтүстікқазақстандық волейболшы қыздар ел біріншілігінде үшінші орынға тұрақтаса, биыл кубок ойындарында жаңа шыңды бағындырды.

– Осы жолы былтырғы Қазақстан кубогындағы жеңілістің орнын толтырып, қоржынға қола медаль түсті. Бұл спортшыларымыздың жаттығуларда төккен терінің нәтижесі. Ендігі мақсатымыз Ұлттық лиганың жеңімпазы атану, – деді “Қуаныш” волейбол клубының директоры Қайырбек Хамзин.

Салтанатты шара барысында спорт ұжымына облыс әкімі атынан бір жарым миллион теңгенің ақшалай сертификаты табысталды.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp