«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЕЛОРДАЛЫҚ МАРАФОНШЫЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Егемендіктің 30 жылдығына арналған “Нұр-Сұлтан – Орал” супер марафонының қатысушылары Қызылжар төріне де келіп жетті. Елордадан шыққан 15 желаяқ 8 күнде Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе қалаларын басып өтіп, Оралға барып аялдамақшы. Жүгіру жолының жалпы қашықтығы – 2021 шақырым.

– Өңірімізде саламатты өмір сал­­тын ұстанатындар өте көп. Дене шынықты­ру және спортпен шұғыл­данушылар саны бойынша алдыңғы орындағы бес облыстың қатарына кіреміз. Супер марафон сүйікті Отанымыздың Тәуелсіздік мереке­сіне арналып, мемлекетіміздің барлық аймақтары тұрғын­дарының бір мақсат төңірегіне бірігуіне өз септігін тигізеді деген ойдамын. Барлықтарыңызды келе жатқан айтулы күн – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын, – деді марафоншыларды Тәуелсіздік стеласының жанында қарсы алған облыс әкімінің орын­басары Сәтжан Аблалиев.

Марафоншылардың алға қойған мақсаты – жастарды отансүйгіш­тікке тәрбиелеп, жер үшін қан төккен батырлардың және елдің дамуына атсалысқан тұлғалардың ерліктері мен ерен еңбектерін насихаттау.

– Марафон қарашаның 26-сы күні ел астанасында бастау алып, Қызылжарға дейінгі 500 шақырымды жүгіріп өттік. Күндегі дайындықтың арқасында жолда қатты қиналған жоқпыз. Келесі аялдама – Қостанай қаласы, – деді супер марафонға қатысушы Байзақ Сағындықұлы.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp