«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Өрге жүзген өнерлілер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жастар апталығы” акциясы аясында облыстың би ұжымдары арасында, “workout”, киберспорт, граффити, хип-хоп билері, ТикТокерлер байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада марапатталды.

Іс-шара облыстың талантты жастарын анықтап, оларға барынша қолдау көрсетуді көздеді. Апталық “workout” турнирінен басталды. Финалға өткен 8 қатысушының арасынан Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Виктор Сальменов топ жарып шықты.

“TeamPlay” компьютерлік клуб базасында “Counter-Strike: Global Offensive” пәні бойынша киберспорт турнирінің финалдық кезеңі өткізілді. Бірінші орынды Илья Головощенко жетекшілік еткен “NoChance” командасы иеленді. Граффити бағытында Дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Дарья Першина, биден “Amazing Grace” тобы жеңіске жетсе, ТикТокерлер сайысында №27 орта мектептің оқушылары, егіздер Оксана мен Анастасия Леонтьева бас жүлдені ұтып алды.

Байқау жеңімпаздары Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынға – 100, 2 орынға – 70, 3 орынға 50 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp