«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Рухани қорек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өнер – адамның рухани қорегі ғой. Ата-бабамыздан қалыпта­сып, жалғасқан, бүгінде өзінің өмір­­шең­дігін дәлелдеген асыл өнер ешқа­шан маңызын да, құн­дылығын да жоймайды. Қандай қиын кезеңдер орын алса да өнер сын тезіне тө­теп бере алды. Ел егемендікке қол жеткізіп, азаттық­тың таңы атқан шақта өзге сала­ны айтпағанда ел­дің экономика­лық әлеуетін көтеру оңай болма­ды. Осынау сындарлы шақта Қа­зақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Нұрсұлтан Назарбаев елдің тұт­қасын қолына ұстап қана қоймай, әр саланы көтеруге, тұра­лап қал­ған халық тұрмысын жақ­сартуға бар күш-жігерін салды.

Тәуелсіздік жылдары мәде­ниет саласына да қан жүгіріп, көп­теген тың бастамалар қолға алын­ды. Өнердің өрістеуіне кең жол ашыл­ды. Өнерпаздар да қа­натын кеңге жа­йып, айтулы дода­ларда еліміз­дің абыройын ас­қақтатты. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осынау уақыт кезеңінде еліміздің жетістіктері ауыз толтырып айтар­лықтай. Оның барлығы Елбасы­мен тіке­лей байланысты. Тұңғыш Прези­ден­тіміздің Жарлығымен 2000 жыл “Мәдениетті қолдау жы­лы” бо­лып жарияланды. Сол жы­лы облыстық филармонияда қа­зақ халық аспаптары оркестрі құ­рыл­ды. Одан басқа да өнер ұжым­дары пайда болды. Жалпы өнер, мәдениет саласында көптеген жаңашылдықтар, өзгерістер орын алғанын айту қажет. Қазір елі­міз­дің барлық аймақтарында ор­кестрлер, ансамбльдер, фольк­лор­лық ұжымдар бар.

“Мәдениет – ұлттың бет-бей­не­­сі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мә­дениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәде­ниет­­тің алтын қорына қосқан үл­кенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөй­тіп, тек өзінің ұлттық төл мә­дение­ті арқылы ғана басқаға та­ныла­ды”, – деп Нұрсұлтан Назар­баев айтқандай мәдени сала­дағы оң өзгерістерді 2003 жылы елімізде қолға алынған “Мәдени мұра”, кейін “Рухани жаңғыру” бағ­дарламаларымен байланыс­ты­ру­ға болады.

Қайырлы ҒАФУРОВ,

Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp