«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саянның шеберханасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Бастау бизнес” жобасы аясында арнайы курстан өтіп, кәсібін ашқандардың бірі – Жамбыл ауданының тұрғыны Саян Шаймерденов. Ол сырт киімдерді, автомобиль аксессуарларын тігетін және ескілерін қайта қалпына келтіретін шағын тігін шеберханасын ашуды жоспарлаған екен. Мемлекеттік грантты жеңіп алып, бөлінген қаржыға түрлі жабдықтар сатып алған.

– Алғашқы кезде өзімнің бизнес жоспарымды іске асыру үшін мемлекеттен 583 мың теңге қайтарымсыз грант алдым. Грант қаржысына үш тігін машинасын, тойтарма, тескіш, бу генераторын, басқа да қажетті заттар сатып алдым. Төмен пайызбен несие алу мүмкіндігі де болды, бірақ оны кейін кәсібімді кеңейтетін кезде аламын деп ұйғардым, – дейді ол.

Өз ісін енді бастаған жігітке “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Екпін Әбиев қол ұшын беріп, жеке істі қалай ұйымдастыру қажеттігі туралы тәжірибесімен бөліскен.

Пресновка ауылында мұндай қызмет түрлерін көрсететін тағы екі кәсіпкерлік субъектісі бар. Саян соларға бәсекелес бола алатынына сенімді. Және бұнымен тоқтап қалмақ емес. Тозған жұмсақ жиһаздарды қалпына келтіруді бастамақ. Өзі жалғыз үлгермесе жанына көмекші алуды жоспарлап отыр. Кәсібін кеңейту үшін қажетті ғимарат іздеп, несие алу туралы шешім қабылдапты.

– “Бастау бизнес” жобасы бойынша облыста 938 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Жамбыл ауданында өткен жылы осы жоба бойынша 51 тұрғын курстан өтсе, 42-сі қайтарымсыз грантқа ие болды. 21 адам жеңілдетілген несиеге қол жеткізді, – дейді кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Олжас Әбілмәжінов.

Василий ЛУКЬЯНЧЕНКО,

журналист.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp