«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ДЕ САЛЫНУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде облысымызда 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

“Pfizer” вакцинасы өңіріміздің 2058 тұрғынына егілді. Олардың – 1554-і жасөспірім, 451-і бала емізетін және 53-і жүкті әйел. Екпе алғандардың барлығы өздерін жақсы сезінген, орын алған жағымсыз жағдайлар тіркелмеген.

Вакциналау шарасы ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Тізім алдын ала жасалады. Өйткені бір ампула алты дозаға шақталған.

– Екпе екпес бұрын біз пациентке жан-жақты ақпарат береміз. Мектептерде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылады. Ата-аналар жазбаша келісімін берсе, балаларға вакцина қоямыз. Егер екпе алған баланың дене қызуы көтерілсе, онда ол сабақтан босатылады. Біз оларға анықтама береміз, – деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Жақыпов.

Вакциналау мектептерде де жүргізіледі. Бригададағы екпе салатын мамандардың барлығы арнайы оқытудан өткен. Олардың барлығының екпе егуге рұқсат құжаты бар. Сонымен қатар екпені емхананың балалар корпусында да алуға болады.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp