«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Merekelık qūttyqtau

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның бүгінге дейінгі барлық жетістіктерінің бастауында тұрған, бүкіл еңбегі өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын көрнекті саясаткер, әлемдік тұлға.

Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап болашаққа нық сеніммен қадам басып, өркениетті елдер салған көшпен жүріп келеді.

Біздің еліміз толағай жетістіктерімен, қоғамдық-саяси өмірдегі соны өзгерістерімен әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді мемлекетке айналды.

Бұл мереке әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатары сөзсіз.

Баршаңызға бейбітшілік, амандық, бақыт және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp