«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам жарақаттанды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл маңындағы айналма жолда екі көлік соқтығысып, үш адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 15.30 шамасында Петропавлдағы айналма жолдардың бірінде болған. ВАЗ-21093 мен Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, апат орнына үш жедел жәрдем көлігін және төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын шақыруға тура келді.

ВАЗ көлігінің 42 жастағы жүргізушісі мен оның 36 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді. Ал Toyota-ның 28 жастағы жүргізушісіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты бірқатар тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Жүргізушілердің спирттік ішімдік ішкен-ішпегенін анықтау үшін олардан қан алынды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін жиналған материал Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік бөліміне жіберілді.

Полицейлер көктайғаққа байланысты сақтық шараларын күшейтуді сұрайды.

Жалпы биылғы 10 ай ішінде СҚО-да 151 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам мерт болды. 206 адам жарақаттанды. Ал рульге мас күйде отырғаны үшін мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp