АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР СӘТІ – АМАНАТ
Санаулы күндерден кейін дүйім қазақ халқы қастерлі Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығын атап өтеді. Тарих-ананың таразысына салып қарағанда азғантай ғана мерзім болғанымен осы уақыт бедерінде ғасырға бергісіз ғаламат істердің атқарылғанын әрбір адам жүрегімен түсініп, көңілімен ұғынады. Егемендіктің елең-алаңынан еңсесін түсірмей өткен халқымыз әр сәтін азаттық таңының рауандай түсуіне, киелі Тәуелсіздіктің бұғанасын бекітуге, уығын берік шаншып, шаңырағын тіктесуге …