«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлерден қорғау үшін 100 мобильді топ құрылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлерден қорғау үшін рейдтер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жыл – көпшіліктің асыға күтетін мейрамдарының бірі. СҚО-да отбасылық мейрамға дайындық басталып кетті. Сауда және ойын-сауық орталықтары безендіріліп жатыр. Бұл уақытта мерекенiң басты нышаны – шыршаға сұраныс артады. Елімізде қылқан жапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынған. СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, орманшылар шыршаларды әкімдіктердің өтініші бойынша бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізуге ғана береді. Еркін сатылымда жоқ. Осыған байланысты басқарма ормандарда күзетті күшейтті.

«Орманшылардан 100 мобильді топ құрылды. Мемлекеттік орман қорының аумағында 19 стационарлық бекет қойылды. Бағыттар белгіленіп, кезекшілік кестесі жасалды. 1 желтоқсаннан бастап орманшылар полицейлермен бірге рейдтерге шығып жатыр. Олар тұрғындар және заңды тұлғалар сатып алған шыршаның құжаттарын тексереді», – дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы Василий Лабанчук.

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескенi үшiн жауапкершiлiк күшейтiлдi. Мемлекеттiк орман қоры аумағында 1 шыршаны кескені немесе бүлдiргенi үшiн кемiнде 15 АЕК, яғни 43755 теңге мөлшерiнде айыппұл қарастырылған. Егер ағаш ерекше қорғалатын табиғи аумақта кесiлген болса, онда келтірген залал үшін 25 АЕК – 72932 теңге айыппұл салынады.

«Егер де орман қорына кiретiн ағаштар мен бұталарды кескеннен 100 АЕК мөлшеріне дейін залал келтірілсе, заңсыз кесiлген ағаштар мен бұталар, көлiк құралдары және құқық бұзушының өзге де заттары тәркіленеді. Сондай-ақ жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады», – дейді Василий Лабанчук.

СҚО-да бірнеше жыл қатарынан Ресейден әкелінген шыршалар сатылып келеді. Тек сатушының өнімнің импорттық екенін растайтын құжаттары болуы тиіс.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp