«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысына алдағы 3 жылда ел қазынасынан 400 милллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл жайында өңірдегі қоғамдық кеңестің жиынында сөз болды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы 2022-2024 жылдарға арнаған облыс бюджеті туралы айтып, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

– Келесі жылы бөлінетін қаржының басым бөлігі, яғни 47 млрд. теңге білім беру саласына бағытталады. Денсаулық сақтау саласына 2 млрд. 157 млн. теңге бөлу қарастырылған. Қалған соманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бөледі. Сондай-ақ мәдениет саласына 4 млрд. теңге беріледі, – деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.

Басқарма басшысының айтуынша, спорт саласына да 4 млрд. теңге жұмсау көзделген. Сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыруға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына 880 миллион теңге бөлу жоспарланған.

Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. “Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы Галина Семенова жолаушы тасымалдаушыларға бөлінетін демеуқаржы мәселесін көтерді.

– Біз қымбат, заманауи автобустар сатып алдық. Өкінішке қарай, соңғы уақытта дизель отынының бағасы қымбаттап кетті. Автобус иелері түскен қаржының 70 пайызға жуығын жанармай сатып алуға жұмсайды. Бұған автобустардың несиесін қосыңыз. Сондықтан субсидия көлемі арта ма деген сұрақ бәрімізді толғандырып отыр, – деді Галина Семенова. Қаржы басқармасының басшысы бұл мәселе жергілікті бюджетті нақтылауға арналған жиында талқыланатынын айтты.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp