«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҢҒЫ МАРАФОНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Борки кентіндегі шаңғы базасында қысқы спорт маусымы салтанат­ты түрде ашылды. Аталмыш шара Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келді.

Саламатты өмір салтын ұстанғандар шаңғы марафонында бақтарын сынады. Оған облыс орталығының 200-ге жуық тұр­ғыны қатысуға ниет білдірді. Қысқы маусымдағы алғашқы жарыстың шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Облыста қысқы спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе соңғы жылдары өңір аудандарында жаңа хоккей қораптары салынып, материалдық-техни­калық базасы нығаюда. Нәтижесінде ауыл­дан келген саңлақтарымыз облыстық және республикалық жарыстарда жүлдегерлер қатарынан көрініп жатыр. Биыл да бұл же­ңісті дәстүрді жалғастыратынымызға сенімдімін. Марафонға қатысуға келгендерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Осы жолы марафонда әуесқойлар 1 шақырымдық қашықтықты бағындырса, кәсіпқой спортшылар 5 шақырымды жүріп өтті.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp