«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаңғыған ит-мысықты аулауға 61 млн теңге жұмсалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында аса қауіпті мал аурулары бойынша эпизоотикалық жағдайды ветеринарлар бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, өңірде өлген малға арналған 379 қорым бар. Оның кейбірі талапқа сай емес. Осыған байланысты жыл сайын жаңасын салуға және барын жөнге келтіруге бюджеттен қаржы бөлінеді. Былтыр 3 қорым жаңадан салынып, 11-і жөнделді. Биыл осы мақсатқа 51,6 млн теңге жұмсалды. Нәтижесінде 11 салынып, 14-і жаңаланды.

Қаңғыған ит-мысық түрлі ауруды таратуы мүмкін. Биыл 11 айдың ішінде 15 мыңға жуық ит, 500-ге жуық мысық ауланды. Облыс бюджетінен бұл жұмысқа 61 млн теңге бөлінді.

Ветеринар мамандар жетіспеушілігі мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 8 жас жұмысқа орналасты. Облыс бюджетінен ветеринар мамандығына оқытуға 40 грант берілді. Оның 15-і жоғары оқу орындарына арналған. Мемлекеттік басқару Академиясының филиалында 30 маман біліктілігін арттырды. Тағы 51 адам курстан өтіп, олардың барлығы жұмыспен қамтылды.

Бұған дейін қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау үшін СҚО-да 1,8 млн малға, 3 млн 200 мың құсқа вакцина егілгенін айтқан едік.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp