Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мен мониторингтік топтар ойын-сауық орындарын тексеріп, карантиндік шаралардың сақталуын қадағалады. Үш нысанда санитарлық ережелердің өрескел бұзылғаны анықталды.
Бір мейрамхананың мас күйдегі қонағы полиция қызметкерлерін шақыртқан. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары адамдардың топтасып, көңіл көтеріп отырғанын көрген. Бұл фактіге қатысты “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу” бойынша материал жинақталып, хаттама толтырылды.
“Үш күннің ішінде 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыздықтардың көбі көңіл көтеру орындарында орын алып отыр”, – деді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.
Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.