«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Карантин талаптарын сақтамаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция депар­таментінің қызметкерлері мен мониторингтік топтар ойын-сауық орындарын тексеріп, карантиндік шаралардың сақталуын қадағалады. Үш нысанда санитарлық ережелердің өрескел бұзылғаны анықталды.

Бір мейрамхананың мас күйдегі қонағы полиция қызметкерлерін ша­қыртқан. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары адамдардың топтасып, көңіл көтеріп отырғанын көрген. Бұл фактіге қатысты “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу” бойынша материал жинақталып, хаттама толтырылды.

“Үш күннің ішінде 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыздықтардың көбі көңіл көтеру орындарында орын алып отыр”, – деді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp