«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ КЕШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Қызыл Жар” халықтық музыка ансамблінің концерті өтті.

Отыз жылға жуық сахна төрін­де өнер көрсетіп келе жатқан шығар­машылық ұжымның репертуарын­дағы та­маша туындылар көрермендерге қуа­ныш сыйлады. Бүгінде заманауи эст­радалық жанрға бет бұрған ансамбль­дің шығармашылығы көпшілік көңілі­нен шығуда. Балалайка, гитара, дом­бы­ра прима, басқа да музыкалық ас­паптарда шебер ойнайтын өнерпаздар қызылжарлықтарды ерекше әсерге бөледі. Тамаша кештің өтуіне мұрын­дық болған “Қызыл Жар” халықтық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі Игорь Рыженко әр көрерменнің көңілі­нен шығу үшін шығармашылық ұжым біраз еңбектенгенін айтты. Сон­дай-ақ кеш барысында өнер көрсеткен “Туған жер”, “Мәңгілік”, “Әдемі-ау”, “Сенсетив” би ансамбльдері мен облыстық филар­монияның жеке орындаушылары көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp