«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сәбилі аналар екпе алуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №1 қалалық емханада балалар­мен қатар жүкті және сәбилі әйелдер вакцина алуда.

– Бізд­ің емханаға АҚШ-тың “Pfizer” вакцинасының 516 доза­сы түсті. Қазіргі таңда бұл екпені 180 адам алды. Соның 117-сі жасөспірім болса, қалғаны балалы және жүкті әйелдер. Үш күннің ішінде біздің медициналық қызметкерлер вакцина алған адамдарға хабарласып, хал-жағдайларын біледі. Бүгінгі таңда екпе алған жандарда дене қызуының көтерілуінен басқа ешқандай асқынулар байқалған жоқ, – деді №1 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері Светлана Давыдова.

Екпе алуға келгендердің бірі – Сапаргүл Уәлихан. Кішкентай баласы бір жастан енді асқан ана өзінің денсаулығы үшін вакцина алуды ұйғарған. “Коронавирус инфекциясынан құтылудың бірден-бір жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Емхана мамандары екпе алу туралы айтқан кезде бірден келісімімді бердім, – дейді ол.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp