«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 9, 2021

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТТІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент­­тің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі так­тикалық оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Жанәлінің жеңісі

Өскеменде ауыр атлетика­дан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Бұл жарыста жерлесіміз Жанәлі Тұяқов жеңімпаз атанды. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 20 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Облыс намысын қорғаған Жанәлі Тұяқов 109 килограмнан жоғары салмақтағылар арасында өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 140, серпе көтеру жаттығуында 186 килограмдық зілтемірді еңсерді.

Әлем біріншілігінің жүлдегері

Грузияның астанасы Тбилисиде пара пау­эрлифтингтен әлем чемпионаты өтті. Дүниежүзілік додаға 700-ден астам спортшы қатысты. Ұлттық құрама сапында ел намысын үш солтүстікқазақстандық спортшы қорғады. Қызылжарлық Александра Пенькова Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салды. Спортшы 55 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен болатын. Аманжол НҰРТАЗИН, “Soltüstık Qazaqstan”.

“ТАНЫМ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылжар Абай орта мектебі республи­­калық “Таным” сыйлығының иегері атанды. Айтулы марапатқа білім, ғы­лым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізгеніміз үшін ие болдық.

БЕДЕЛДІ ЕДІ БАХЫТЖАН

Шал ақын ауданынан сол жердің мәдениеті мен эко­но­микасының дамуына өз үлестерін қосқан азаматтар аз шықпаған. Аудан тарихының шежіресінде қолтаңбасын қалдырған азаматтың бірі – Бахытжан Рамазанов.

МЕРГЕН ДЕГЕН АУЫЛ БАР

Тәуелсіздіктің бергені мол ғой. Азаттығымыздың арқасында қазіргі таңда кейбір елді мекендердің тарихи атаулары қайтарылып жатыр. Мысалы, Мамлют ауданындағы Ленин ауылы Бике деп өзгергенін газеттен оқыдым. Ал мен туып өскен Шал ақын ауданындағы Чапаев елді мекені қазір Мерген ауылы деп аталады.

Аққу шынымен киелі құс па?

“Аттанып бара жатыр аққу-қаздар, Қош енді, қош болыңдар, гәкку-наздар! Кеудемде күңіренген дастан қалды, Киелі қанатымен аққу жазған”, – деп басталатын Мұқағали Мақа­таев­тың өлеңі кімді де болса елең ет­кізбей қоймайды. Аққу жайында ай­тылар аңыз да, әпсана да көп. Бұл – өмірдің өзгерістеріне бейім­делгіш, қай жерде су болса, сонда өмір сүретін, өте сақ та, батыл құс. Дүниежүзінде …

Аққу шынымен киелі құс па? Read More »

Сын-қатерге толы жыл

Тәуелсіздік жылнамасында 2020 жыл сын-қатерлерге толы болды. Қазақстан ғана емес, бар әлемді дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясының кесірінен экономика шатқаяқтап, халық үйреншікті өмір салтынан жаңылғандай болды. Індет өршіген үстіне өршіп, жоспарлардың көбінің күл-паршасы шыққаны да өтірік емес. Біздің елімізде “COVID-19” вирусын жұқтырғандар алғаш 2020 жылы 13 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелсе, 3 сәуірге дейін елдің …

Сын-қатерге толы жыл Read More »

Талап – бәріне ортақ

Әскери қызметшінің заңға және жарғыға сәйкес қызмет атқаруы басты міндет ретінде талап етілетіндіктен, жағымсыз қылықтар мен теріс іс-әрекеттерге жол бермеу – басты назарда. Заңсыздықтарды болдырмау үшін біздің тарапымыздан профилактикалық шараларға айрықша басымдық беріліп, қылмыстарды болдырмауды, алдын алуды, дер кезінде әшкерелеуді көздейміз. Ұлттық ұлан әскери институтында ұйымдастырылған кезекті сабақ қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасына арналып, курсанттардың назары …

Талап – бәріне ортақ Read More »

Кемшіліктер кеміп келеді

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында қоғамдық ұйым өкілдері профилактикалық бақылау, азаматтардың өтініштерін қарау және ақпараттық жүйелер мониторингінің қорытындылары бойынша жүргізілген бақылау іс-шараларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын әлеуметтік зерттеудің нәтижелерін қарады.

Мектептегі қауіпсіздік — маңызды мәселе

Үстіміздегі жылы аудандық және қалалық білім бөлімдері облыстық басқарманың қарамағына өтті. Яғни Петропавл қаласы мен он үш ауданның білім бөлімдерін қаржыландыру облыстық бюджетке ауысты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Денсаулықтан асқан байлық жоқ

Петропавл қаласында тұратын зейнеткер Надежда Максимушкина өзінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан елімізде вакциналау науқаны басталғанда екпе алудан бас тартпау қажет екенін түсініп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға өз үлесін қосуды азаматтық парыз санаған.

Студенттер екпе алды

Өңірімізде үш мыңнан астам тұрғын “Pfizer” вакцинасын алды. Соның екі жарым мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Жақында Петропавл қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледж студенттері де коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыртты.

“АЛТЫН САПА” ҮЗДІКТЕРІ

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің “Алтын сапа” сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жыл сайын төрт аталым бойынша берілетін сыйлықтан биыл да облыс кәсіпкерлері құр алақан қалмай, үш кәсіпорын үздіктер қатарынан көрінді.

АБАЙДЫҢ КЕМЕЛДІК ЖОЛЫ

Журналист-жазушы Жарасбай Сүлейменов қазақ ғылымындағы толағай тұлғалардың бірі академик Жабайхан Әбділдинмен өзара әңгімеге құрылған “Абайдың кемелдік жолы” деп аталатын екінші кітабын баспаға тапсырды. Бұған дейін жарық көрген “Өмір-өзен” атты танымдық еңбекте Жабайхан Мүбәрәкұлы Қазақстанда философия ғылымының қалыптасып, дамуы, қазақ ғылымы мен мәдениетінің дара тұлғалары Мұхтар Әуезовпен, Сәбит Мұқановпен, Әлкей Марғұланмен, Ермахан Бекмахановпен жүздесулері, Ұлы Даланың …

АБАЙДЫҢ КЕМЕЛДІК ЖОЛЫ Read More »