«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент­­тің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі так­тикалық оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Жаттығу жоспары бойынша Жам­был көшесі, 49 “Б” ме­кен-жайындағы тұрғын үйдің 13-ші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Жергілікті тұр­­ғындар қызыл жалынды ауыздықтау үшін дереу өрт сөндіру қызметіне хабарласып, оқиға ор­нына Петропавлдың өртке қарсы қызмет гарнизонының құтқарушылары жіберіледі. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан орын алды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, отты ауыздықтау үшін 3 учаске назарға алынды. Ең алдымен, құтқарушылар 100-ден астам тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды. Оқу-жаттығу желісі бойынша қызыл жалын 48 шаршы метр аумақты шарпып үлгерді. Оны сөндіруге 36 қызметкер мен 8 арнайы техника жұмылдырылды.

Кейін тактикалық оқу-жаттығу жиынының қатысушылары облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшылығына ғимараттың ерекшеліктері жайлы айтып, өртті қалай ауыздықтағанын көрсету мақсатында экскурсия ұйымдастырды.

Айтуған БЕКЕНОВ,

№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp