«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жанәлінің жеңісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өскеменде ауыр атлетика­дан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Бұл жарыста жерлесіміз Жанәлі Тұяқов жеңімпаз атанды. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 20 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Облыс намысын қорғаған Жанәлі Тұяқов 109 килограмнан жоғары салмақтағылар арасында өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 140, серпе көтеру жаттығуында 186 килограмдық зілтемірді еңсерді.

– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Менің салмағымда 7 спортшы болды. Барлығын бұрыннан танимын. Жұлқа көтеру жаттығуынан соң екінші болып келе жаттым. Ал серпе көтеру жаттығуында өзімнің жеке нәтижемді жаңартып, жасөспірімдер арасындағы біріншіліктің рекордын жаңарттым. Енді ересектер арасында алтын алғым келеді, – дейді Жанәлі Тұяқов.

 
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp