«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Студенттер екпе алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде үш мыңнан астам тұрғын “Pfizer” вакцинасын алды. Соның екі жарым мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Жақында Петропавл қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледж студенттері де коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыртты.

Аталмыш колледжде білім алып жүрген Денис Задорожный да вакцина алуды ұйғарған. Ол өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарайтынын айтты. Вакцинаны қоймас бұрын №1 қалалық емхананың медициналық қызметкерлері жастардың денсаулығын мұқият тексерді.

– Біздің емханада “Pfizer” вакцинасы 19 қарашадан бастап егілуде. Осы уақытта 186 адам екпе алды. Соның дені – жасөспірімдер мен сәбилі аналар. Екпе алғаннан кейін олар үш күн бақылауда болады. Бірнеше адамның ғана дене қызуы көтерілді. Оларға тиісті нұсқаулар берілді, – деді №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Надежда Сабитова.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp