«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талап – бәріне ортақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әскери қызметшінің заңға және жарғыға сәйкес қызмет атқаруы басты міндет ретінде талап етілетіндіктен, жағымсыз қылықтар мен теріс іс-әрекеттерге жол бермеу – басты назарда. Заңсыздықтарды болдырмау үшін біздің тарапымыздан профилактикалық шараларға айрықша басымдық беріліп, қылмыстарды болдырмауды, алдын алуды, дер кезінде әшкерелеуді көздейміз. Ұлттық ұлан әскери институтында ұйымдастырылған кезекті сабақ қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасына арналып, курсанттардың назары адам, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен бірге қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан сақтауға бағытталған шараларға аударылды.

Дәріс барысында келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметкердің автокөліктен бөтеннің мүлкін ұрлаған әрекеті жайлы айтылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде анықталған бұлтартпас фактілер, белгіленген жазалар нақты дәйек ретінде алға тартылды. Қылмыстық құқық жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы болып табылатындықтан, осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосыла келіп, қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.

Кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін міндетті түрде жауап береді. Бабаларымыз “қолмен істегенді мойынмен көтер” деп текке айтпаса керек. Алайда адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Курсанттарға заңды түсіндірудің мәні айрықша деп отырғанымыз сондықтан. Жеке адамның қылмыстық әрекетінен қоғамға қаншалықты қауіп төнетінін анықтау, қылмыс санаттарын айқындау қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі екені даусыз. Күдіктінің іс-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрам болуы тәжірибеде аз кездеспейді. Мұндай жағдайда іс-әрекет заңның бірнеше бабы немесе тармағы бойынша сараланады. Заңды бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.

Дархан РЫМБЕКОВ,

Ішкі істер министрлігі Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы Петропавл тобының басшысы, подполковник.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp