«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТАНЫМ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылжар Абай орта мектебі республи­­калық “Таным” сыйлығының иегері атанды. Айтулы марапатқа білім, ғы­лым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізгеніміз үшін ие болдық.

Петерфельд елді мекенінде ор­наласқан мектеп – мемлекет­тік-жекешелік серіктестік негізінде “Bilim Ғoundation” қорының қаража­тына жаңғыртылып, сенімгер­лік басқаруға берілген озық жобалардың бірі. Мектеп толық жаңғыртудан өткеннен кейін Назарбаев зияткерлік мектептерінің ауыл мектептеріне бейімдел­ген бағдарламасы негізінде білім беруге көшті. Инфрақұрылым түгенделіп, білім беру қызметінің сапасы айтарлықтай жақсарды.

Бүгінгі күні Қызылжар Абай орта мектебінің іс-тәжірибесін аудандық білім беру ұйымдары кеңінен пайдаланады. Мектеп директорлары мен орынбасарла­рына арналып арнайы тәжірибе алаңы құрылған. Онда зияткерлік мектептердің ауыл мектептеріне бейімделген бағдарламасын оқушыларға қалай игерту қажеттілігі үйретіледі.

Биыл мұғалімдердің ғылыми-зерттеу іс-тәжірибесі қайта жанданды. Қазіргі уақытта 10 ғылыми топ құрылып, өз жұмыстарын бастады. Оқушылар да ғылыми жобалар байқауларында жақсы жетістіктерге жетіп жүр.

Бұл – ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою мақсатында жүзеге асып жат­қан үлкен жоба. Алдағы уақытта мектебіміздің көрсеткіштері жақсарып, қаладағыдан кем түспейді деген үміттеміз. Өңірде осындай жобалардың көбейіп, мектептердің заман талабына сай өркендеуіне тілектеспіз. Ең бастысы, оқу сапасын арттыру­да жүйелі де кешенді шаралар басты негізге алынады. Тың жоба өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Демек, алар асулар алда деген сөз.

Әділбек ИСМАҒҰЛОВ,

Қызылжар Абай орта мектебінің директоры.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp