«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕПУТАТТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың 12-ші сессия өтіп, депутаттар отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысты. Сессияны облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко ашып, облыстық мәслихат қызметінің қорытындыларымен таныстырды.

Қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант “2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы”, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев “Ауыл шаруашылығы саласын дамыту және агроөнеркәсіптік кешен бағдарламаларын іске асыру туралы”, экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов “2021-2025 жылдарға арналған облыс аумағын дамытудың жоспарын бекіту туралы” баяндамалар жасады.

Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет “2022-2025 жылдарға арналған облыстың көлік инфрақұрылымын дамыту” жоспарын бекітуге ұсынып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы, 2022 жылы облыстық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер тізбесі бекітілді.

Облыстық мәслихаттың аппарат жетекшісі Аман Қабдөшевтің облыстық мәслихат аппаратының құрылымы мен штат саны, облыстық мәслихаттың 2022 жылғы шығыстарына бөлінген ассигнованиялар туралы есебі тыңдалды.

Сессияда өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени өркендеуіне қосқан үлкен үлесі үшін еңбек ардагерлері Амандық Жантеміров пен Аманбол Оразалинге Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы салтанатты түрде тапсырылып, құрмет көрсетілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp