«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жомарт жандарға — құрмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Павлодарда дәстүрге айналған “Жомарт жүрек” сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді азаматтық ұстанымы бар, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметте жүрген жандар жиналды. Марапаттау рәсімін ашқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқып, жыл басынан бері 3 млн. адамның қатысуымен 15000-нан астам қайырымдылық шарасы өткенін, 200 мың адамға көмек көрсетілгенін айтты.

Бұл игі істен солтүсттікқазақстандық азаматтар да қалыс қалған жоқ. 3 жерлесіміз арнайы сыйлыққа ие болды. Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Александровское” ЖШС-нің директоры Вячеслав Чернышов “Туған өлке” аталымы бойынша марапатталды. Вячеслав Павлович мәдени-көпшілік және мерекелік іс-шараларды өткізіп, жалғызбасты зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсеткен, “Мектепке жол” бағдарламасына тұрақты қатысады.

“Таткрафт-Инвест” ЖШС-нің бас директоры Андрей Исаков “Жылдың үздік қамқоршысы” аталымы бойынша марапатталды. Кәсіпкер биыл қайырымдылық шараларына 257,881 млн. теңге бағыттаған. Ол жыл сайын аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүгедектерге, балалар үйлеріне көмек көрсетеді. Ғабит Мүсірепов атындағы №43 мектептің оқу озаттарына шәкіртақы тағайындады.

“Жыл тұлғасы” аталымы Тайынша ауданындағы “Астық-СТЕМ” ЖШС-нің директоры Сергей Звольскийге табысталды. Шаруашылық басшысы ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға белсенді араласады. Жұмысшылардың жағдайын жақсарту мақсатында агроқұрылым қаржысына орталықтан жылытылатын, су тартылған бес үй тұрғызды. Бұдан басқа ауылдың жағдайын жақсарту үшін медициналық мекеменің ғимаратын жөндеп, таза ауызсумен қамту үшін Қарағаш ауылындағы су құбырын өз бақылауына алған. Ауыл балаларын спортқа тартуға да білек сыбана кіріскен. Спорт алаңы мен хоккей кортын салып, жерлестеріне қуаныш сыйлады.

Сағындық МАУҒАЗИН

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp