«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Интернетте діни материалдар таратқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты дін туралы заңды бұзған өңір тұрғынының ісін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, істі талқылау барысында Петропавл тұрғынының әлеуметтік желіні пайдалана отырып, өз парақшасында дыбыс-бейнефайлдарды, ақпараттық сілтемелер түрінде діни мазмұндағы материалдарды мезгіл-мезгіл орналастырып тұрғаны анықталды. Арнайы сараптама да ер адамның діни мазмұндағы ақпаратты таратқанын растады.

Сотталушы өзінің теологиялық білімі жоқ екендігін, діни ұйымдарда қызмет етпегенін, файлдардағы тілді білмейтінін, осыған байланысты орналастырылған материалдың не мағына беретінін айта алмайтынын түсіндірді.

«Қазақстан Республикасында, барлық дамыған елдердегідей, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған ғимараттарда ғана таратуға болады. Ал әлеуметтік желі хат алмасуға, келіссөздер жүргізуге, хабарламалар, файлдар жіберуге, фотосуреттер мен суреттерді орналастыруға арналған. Парақшаға жазылғандар орналастырылған материалдарды еркін көре алады. Осылайша, азамат әлеуметтік желінің мүмкіндігін пайдаланып, Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзды», – делінген хабарламада.

Сот істі қарай келе, ер адамның бұрын осы бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын ескере отыра оған айыппұл салу түріндегі жазаны кесті.

Айта кетейік, СҚО аумағында діни әдебиетті ғибадат үйлерінен бөлек, 15 сауда орнында сатуға рұқсат берілген.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp