«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бес жылда 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 5 жылда 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы аталған өңірдің әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс саласында 2021 жыл Солтүстік Қазақстан облысы үшін қарқынды өсу кезеңімен ерекшеленеді. Облыста 53 көпқабатты үй салынып жатыр, оның 23-і – жеке құрылыс салушылар есебінен. 3,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Жаңа баспананы 12 мың солтүстікқазақстандық алады. Биыл 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Алдағы жылға 400 мың шаршы метр салу жоспарланып отыр»,- деді ол.

Оның атап өтуінше, облыс орталығында «Жас өркен», «Береке» және «Орталық» шағын аудандарын салу жалғасуда. . Петропавлда барлығы 1,7 мыңнан астам ескі және апатты үйлер сүріліп, 6 мыңнан астам қала тұрғынының тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектесті.

«Жеке тұрғын үй құрылысы да дамып келеді. «Солнечный-2» және «Южный» шағын аудандарына барлық қажетті инфрақұрылым жүргізілуде: су құбыры, жолдар және электр желілері. 3 мың дайын жер учаскесі берілмек. Алдағы 5 жылда 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспары бар. Бұл 21 мыңнан астам пәтер. 70 мың адам өз баспанасына ие болады. Бұл облыстың әрбір жетінші тұрғыны. Тәуелсіздік жылдарында облыста 5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді», – деді Құмар Ақсақалов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp