«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

7 астық сақтау қоймасы мен тұқым шығаратын зауыт салынады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 7 астық сақтау қоймасы мен тұқым шығаратын зауыт салынып жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы саласында биыл инвестиция көлемі 140 миллиард теңгеге жетпек. Қазақстандағы агроинвестицияның төрттен бірі біздің облыстың үлесінде. Биыл агроөнеркәсіп саласында 48 млрд теңгеге 34 жоба жүзеге асуда. Майлы дақылдардың алқабын ұлғайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Тәуелсіздік алған жылдары облыста майлы дақылдар 51 мың гектарға себілсе, қазір оның көлемін 1 млн гектарға дейін жеткіздік. Енді майлы дақылдарды қайта өңдеу жұмысын қолға алдық», – деді ол.

Құмар Ақсақаловтың дерегінше, қазір облыста майлы дақылдарды өңдейтін Қазақстандағы ең қуатты зауыт салынуда. Ол жылына 370 мың тонна майлы дақылдарды өңдей алады.

«Облысқа 15 млрд теңге инвестиция тартылады. 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жаңа кәсіпорын облыстағы майлы дақылдардың 90 пайызын өңдеуге мүмкіндік береді. Өңірде 7 астық сақтау қоймасы мен тұқым шығаратын зауыт салынуда. 3 мың тоннаға жуық көкөніс өндіретін жылыжайдың құрылысы басталды», – деді өңір басшысы.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp