«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 13, 2021

Көк тудың желбірегені

Мамлют ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған “Менің туым – менің елім” атты автошеру ұйымдастырылды. Көк туымызды желбіреткен қала тұрғындары Әнұранымызды да асқақтата шырқады. Аудандық Мәдениет үйінен басталған автошеру Ленин, Скачков, Абай Құнанбайұлы, Победа, Папанин, Энергетиктер көшелерінен жүріп өтті.

Балуандарымыз бабында

Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай күрес түр­лерінен Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті. Рес­публикалық жарыста өңір намысын қорғаған балуандар жеңіс тұғырынан көрінді.

Сайдың тасындай іріктелген

Шал ақын ауданындағы “Құлеке батыр” атындағы спорттық-сауықтыру кешенінде қазақ күресінен облыстық турнир өтті. Спорттық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және саналы ғұмыры ат үстінде өткен Құлеке батырды еске алу мақсатымен ұйымдастырылды.

Жәбір көрсеткен жазасыз қалмайды

Петропавл полицейлері 15 күн ішінде 500-ден астам отба­сылық жанжалқойды тексерді. “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы ая­сында облыс орта­лығында тұра­тын бірнеше әйел заң кеңесін алу үшін по­лицейлерге жүгінді.

Тамаша өнер туындылары

Тәуелсіздік күні қарса­ңында “Абылай хан резиден­циясы” музей кешенінде “Ағаш тамырымен, адам до­сымен мықты” атты көрме өтуде.

Ортақ жауапкершілік

Елімізде орын алған пандемия жағ­дайына байланысты өзімнің және жақындарымның денсау­лы­ғына алаңдап, ұжымдық имму­нитет қалыптастыру үшін екпе алу қажет екенін ұйғардым. Жұбайым екеуміз вакцинаның алғашқы ком­понентін мамыр айында, екіншісін маусым айында алдық. Екпеден соң денсаулығымда ешқандай асқынулар орын алған жоқ. Өзімді жақсы сезіндім. Жалпы кез келген жұқпалы аурудан сақтанудың ең тиімді жолы – екпе алу. Мамандар …

Ортақ жауапкершілік Read More »

Қайсар тұлға, қажырлы қайраткер

Көкшетаудан шыққан жеңіл көліктер кортежінің алған бағыты – әуежай. Облыс басшылары Сарыарқаның інжу-маржаны – Бурабайға демалысқа келген СОКП Орталық комитетінің бас хатшысы Леонид Брежневті шығарып салуға келе жатты. Облыстық партия комитетінің бюро мүшелері көліктерінен түсіп, құдды бір әскерде жүргендей, ұшақтың жанына барып, сап түзеп тұра қалды.

Бір үйдің баласындай

Тимирязев ауданы облыс орталығынан шалғайда жатыр, со­нау Қостанай өңірімен шектесе орналасқан. Ауылдық округтері өте шағын, көбінің тұрғындарының саны бес жүздің маңайында ғана. Кеңестік кезеңнен бертінге дейін қаражат “қалдық принципімен” бөлініп келгендіктен аудан “болашағы бұлыңғыр” деген желеумен жабылып қала жаздағаны да белгілі. Қашан ат басын тіреп, жағдаймен жете танысқанша көз алдымыздан берекесі азған, ынтымағы тозған күйкі …

Бір үйдің баласындай Read More »

АҚСУАТТАН ШЫҚАН АЗАМАТ – өңірдегі қыздар волейболының қолдаушысы

Кәсіби ойын өрнегімен жанкүйерлерін қуантып жүрген “Қуаныш” қыздар командасының ел чемпионатында жүлдегер атануы – өңіріміз үшін Тәуелсіздік жылдарында жеткен зор жетістік! Ұжымның құрылу, қалыптасу, тәжірибе жинақтау және табысқа жету жолы жайлы әңгіме қозғасақ, алдымен, Қайырбек Хамзинді ауызға аларымыз заңды. Ауданда егіншілікпен және мал өсірумен айналысатын шаруа қожалығының басшысы Қайырбек Сәдуақасұлының өз саласындағы жетістіктері айтулы болғанымен, …

АҚСУАТТАН ШЫҚАН АЗАМАТ – өңірдегі қыздар волейболының қолдаушысы Read More »

БІРЛІГІ БЕКЕМ ОЗАДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – өткенді қорытындылап, болашағымызды саралайтын уақыт. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында жазғандай: “Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты “Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?”, “Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?”, “Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?” деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың …

БІРЛІГІ БЕКЕМ ОЗАДЫ Read More »

Наградаларыңызбен, жерлестер!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ солтүстікқазақстандық мемлекеттік наградалармен марапатталды.

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ СОНЫ СЕРПІН

Облыс тұрғындарының негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы саласында 48 млрд. теңгенің 34 жобасы жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін агроөнеркәсіпке құйылған инвестиция 140 млрд. теңгеге жетпек. Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов осылай мәлімдеді. Журналистермен болған кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған “Халық бірлігі және жүйелі …

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ СОНЫ СЕРПІН Read More »

Мектеп оқушылары жергілікті өсімдіктерден дәрумен жасап шығармақ

Петропавлда мектеп оқушылары С дәруменін өзімізде жасап шығару үшін зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Олар бұл мақсатқа жергілікті өсімдіктерді қолданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.