«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

АҚСУАТТАН ШЫҚАН АЗАМАТ – өңірдегі қыздар волейболының қолдаушысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәсіби ойын өрнегімен жанкүйерлерін қуантып жүрген “Қуаныш” қыздар командасының ел чемпионатында жүлдегер атануы – өңіріміз үшін Тәуелсіздік жылдарында жеткен зор жетістік! Ұжымның құрылу, қалыптасу, тәжірибе жинақтау және табысқа жету жолы жайлы әңгіме қозғасақ, алдымен, Қайырбек Хамзинді ауызға аларымыз заңды. Ауданда егіншілікпен және мал өсірумен айналысатын шаруа қожалығының басшысы Қайырбек Сәдуақасұлының өз саласындағы жетістіктері айтулы болғанымен, қайырымды, сауапты шаралардан еш тартынбайтын азаматтың жергілікті волейболшы қыздарға үнемі қолдау көрсетіп, қаржылық демеу жасап жүргенін көпшілік біле бермеуі мүмкін. Жанашыр азамат волейбол командасын мықтылар санатына қосу керек деген идеяға бастамашы болып, 2010 жылы “Қуаныш және К” ұжымын құрды. Оның құрамына Ақсуат, Степное, Тимирязево, Дмитриевка елді мекендерінен спортқа бейімі бар 7-8-сынып оқушылары таңдап алынды. Арада үш жыл өтпей қыздар облыстық додада жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.

Ауданда құрылған команда кейін облыс намысын қорғайтын деңгейге жетті. Қайырбек Сәдуақасұлы демеушіліктен қол үзген жоқ. Команданың директоры ретінде түрлі байрақты жарыстарға жүйелі қатысуына, спорттық киімдермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне жан-жақты қамқорлық көрсетіп жүр. Ұлттық лигаға өту үшін де зор еңбек сіңірді. Алғашқы жеңістері де күні бүгінгідей көз алдарында. 2011 жылы Екібастұз қаласында 1996-1997 жылы туған қыздар бірінші орынды еншіледі. Халықаралық додалар­­да да тәуір өнер көрсетті. Мәселен, Ресейдің Орынбор облысында ұйымдастырылған “Соль-Илецк” турнирінде күміс жүлде бұйырды.

2012-2013 жылғы маусымда ел чемпионатында “В” тобында өнер көрсетіп, үшінші орынға табан тіреді. Ал 2014 жылы чемпион атанып, “А” санатындағылар қатарына да ойнау құрметіне ие болды. Бүгінде ұлттық лигада тегеурінді командалармен күш сынасып, намысты қолдан бермеуде.

Волейбол командалық ойын болғандықтан, әр ойыншының өз орны бар. Полина Костива, Нұрила Ақжанова, Маргарита Бельченко, Фарида Рамазанова, Салтанат Қошқарбаева – команданың негізін қалаған ойыншылар. Қазіргі таңда ұжым сапында ақсуаттық Маргарита Бельченко мен мен тимирязевтік Сабира Бекішева ойнап жүр. Салтанат Қошқарбаева – жаттықтырушы.

“Қуаныш” командасының былтыр Қазақстан чемпионатында, биыл ел кубогында үшінші орын иеленуі – үлкен жетістік. Ауылда өскен таланты қыздардан команда құрып, ел көлемінде жетістікке жеткізе білген Қайырбек Сәдуақасұлының еңбегі ерен.

Әсем ТАСМАҒАНБЕТОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp