«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балуандарымыз бабында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай күрес түр­лерінен Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті. Рес­публикалық жарыста өңір намысын қорғаған балуандар жеңіс тұғырынан көрінді.

Еркін күрестен 74 килограм­да күрескен Нұрқожа Қайпанов алтын алды. Ол ақтық сында шы­ғыстың өкілі Шыңғыс Мұха­мет­қалиевті жеңді. Грек-рим күресінен екі солтүстікқазақ­стандық балуан жүлдегер атан­­ды. 55 килограмм салмақ дә­­режесінде ақтық сынға шық­қан Аманғали Бекболатов Ал­ма­ты облысының спортшысы Нұрзат Қабдырахимовтан ба­сым түсіп, ел чемпионы атан­ды. Ал 67 ки­лограмм санатын­да финалда тағы бір қызыл­жар­лық Данияр Кәленов шым­кенттік Мейіржан Шермағам­бет­пен кездесіп, же­ңіліп қал­ды. Даниярдың ен­шісінде – кү­міс медаль.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp