«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жәбір көрсеткен жазасыз қалмайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл полицейлері 15 күн ішінде 500-ден астам отба­сылық жанжалқойды тексерді. “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы ая­сында облыс орта­лығында тұра­тын бірнеше әйел заң кеңесін алу үшін по­лицейлерге жүгінді.

– Біз ішімдік ішетін күйеуінен жә­бір көр­ген қала тұрғынын дағда­рыс ор­та­лығына орналастырдық. Бір­­неше жыл бұрын күйеуі оған ауыр дене жарақатын салып, істі болған. Дегенмен бүгінгі күн­ге де­йін әйел жанжалқой жолдасын тас­тап кете алмаған. Жәбірлену­ші­лер­дің арасында мұндай жағдай­лар жиі орын алады. Сондықтан полицейлерге әйелдердің құқық­тарын қорғау үшін заң­мен қарас­тырылған механизмдерді на­си­­хат­тау міндеті жүктелді, – деді Петро­павл қалалық полиция басқарма­сы жер­гілікті полиция қызметі бөлі­мінің әйел­дерді зорлық-зомбы­лықтан қорғау жө­ніндегі тобының аға инспекторы, поли­ция майоры Әсем Ілиясова.

Акция барысында құқық бұзушы­ларға қатысты 84 ұйғарым шығарылды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp