«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көк тудың желбірегені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған “Менің туым – менің елім” атты автошеру ұйымдастырылды. Көк туымызды желбіреткен қала тұрғындары Әнұранымызды да асқақтата шырқады. Аудандық Мәдениет үйінен басталған автошеру Ленин, Скачков, Абай Құнанбайұлы, Победа, Папанин, Энергетиктер көшелерінен жүріп өтті.

– Биыл ел егемендігіне – 30 жыл. Кез келген мемлекеттің тә­уел­сіздігін айқындайтын қасиетті бел­гілері бар. Ол – мемлекеттік рәміздер. Көк байрағымызды биіктен желбірету жастардың қо­лында. Осындай шаралар арқылы жастарымыз Тәуелсіздіктің қадірін біліп, ел қамын жейтін тұлға болып қалыптасады деген ойдамын. Ру­хымызды аспандатар көк байрағы­мыз­ды жоғары көтерген шеруші­лердің басты мақсаты – өскелең ұр­пақтың бойына патриоттық сезім ұялату, – дейді Мамлют ауданы ішкі саясат, мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Кәрімова.

Акция соңында “Достық” саяба­ғына жиналған жастар “Көк тудың желбірегені” әнін шырқады.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp